Қазақстан Республикасы, Астана қ.,
Ә.Бектуров көшесі 3/1, 83 кеңсе
+7 7172 24 84 26, +7 700 424 84 26 
opinions@opinions.kz

2024 жылғы 25 сәуірде көрнекті ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, қазақ синологиясының негізін салушылардың бірі, көне қытай тілі маманының 85 жылдығына арналған “Халықаралық диалог және өзара түсіністік мәдениеті К.Ш. Хафизованың еңбектерінде” атаулы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Шараны ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов жетекшілік ететін ЮНЕСКО жанындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығы мен Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты ұйымдастырды.

Бұл конференцияға институттың ғылыми қызметкерлері Ботагөз Ракишева мен Қаламқас Есімова қатысты.

Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығы Юнеско қолдауымен (2-ші санат)
https://www.icrc.kz/site/index

 

 


2024 жылғы 19 сәуірде Ботагөз Рақышева «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі тұрақты дамуы» стратегиялық сессиясына қатысты. Сессия нәтижелері Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы 2025-2030 жылдарға арналған орнықты даму саласындағы ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасын әзірлеуде пайдаланылады. Отырысқа азаматтық қоғам ұйымдары мен жеке сектор өкілдері қатысты. Шараны БҰҰ Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фрибеог-Стори ашты. Сессияға БҰҰ Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің басшысы Құртмолла Абдулғаниев модераторлық етті.


2024 жылғы 16 сәуір. «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Ботагөз Ракишева Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің магистранттарына арнайы барып, «ҚР диаспоралық саясатының жаңа кезеңі» тақырыбында дәріс оқыды.

 

 

2024 жылғы 9 сәуір. «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Ракишева Ботагөз Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі жанындағы жаңартылған Қоғамдық кеңестің бірінші отырысына қатысты. Отырыста Қоғамдық кеңестің төрағасы сайланып, оның қызметі мен 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, Агенттік қызметінің негізгі бағыттары таныстырылды.

Толығырақ:
https://www.gov.kz/memleket/entities/aspr/press/news/details/745954?lang=ru

 

 


2024 жылғы 16 наурызда Ботагөз Ракишева ел дамуының өзекті мәселелері мен халықаралық күн тәртібін талқылау үшін құрылған Талдау Talks сарапшылар мен талдаушыларға арналған қоғамдық алаңның бірінші отырысына қатысты. Диалог алаңының бірінші отырысы Сенат спикері - Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен өтті. Кездесуде Орталық Азия елдерінің даму перспективалары мен аймақтағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. АҚШ белгілі сарапшысы, Орталық Азия және Кавказ институтының негізін қалаушы, Джонс Хопкинс университеті жанындағы Жетілдірілген халықаралық зерттеулер мектебінің профессоры Фредерик Старр арнайы шақырылды. Пікір алмасуға жас сарапшылар клубының мүшелері, Талдау мектебінің тәлімгерлері, түлектері, талдау институттары мен орталықтарының өкілдері қатысты.

https://www.facebook.com/groups/466976094886675/


2024 жылғы 5 наурыз. БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) және Қазақстандағы “БҰҰ-Әйелдер” құрылымы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазақстандағы гендерлік теңдік пен әйелдердің құқықтарын кеңейтуге қоғамдық көзқарас” талдамалық есебін ұсынды. Баяндама Қазақстанның 17 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаланың 3800 респонденті арасында жүргізілген сауалнама деректеріне негізделген, оны БҰҰ Қазақстандағы Даму бағдарламасының тапсырысы бойынша «Қоғамдық пікір» зерттеу институты «БҰҰ Әйелдер» ұйымымен серіктестікте жүзеге асырды. Бұл зерттеудің нәтижелерін Б.И. Ракишева таныстырды.

Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту идеяларына қоғамдық көзқарас мәселелеріне арналған әлеуметтанулық зерттеу. Зерттеуді аяқтау үшін сапалы және сандық әдістер, соның ішінде жаппай сауалнама, бірқатар сарапшылар сұхбаттары және фокус-топтық талқылаулар пайдаланылды.

Толығырақ:
https://www.undp.org/ru/kazakhstan/press-releases/menee-40-procentov-kazakhstancev-znayut-chto-takoe-gendernoe-ravenstvo-analiticheskiy-otchet-o-pravakh-i-vozmozhnostyakh

Есептің қысқаша және толық нұсқаларын мына жерден жүктей аласыз:
https://www.undp.org/ru/kazakhstan/publications/obschestvennoe-vospriyatie-gendernogo-ravenstva-i-rasshireniya-prav-i-vozmozhnostey-zhenschin-v-kazakhstane


2024 жылғы 23 ақпанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Азиялық зерттеулер институты «Этномәдени анклавтар ұжымдық бірегейлікті сақтау факторы ретінде» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Іс-шараны арнайы қонақ, Алексей Александрович Суслов (Волгоград мемлекеттік университеті, РФ) ашты, ол этномәдени белгі бойынша анклавтар мәселесін зерттеудің маңыздылығын және жаһанданудың қазіргі процестері аясында осы құбылысты зерттеу қажеттілігі туралы айтты.

Дөңгелек үстел аясында Юлия Фридриховна Кельман (Израильдің Абсорбция министрлігі) «Табалдырықтан музейге» дейінгі «этникалық анклавтардың типологиясы туралы» (АҚШ қалаларының мысалында) баяндама жасады, Елена Николаевна Наземцева (Ресей Ғылым Академиясының Шығыстану институты, Қытай бөлімі, РФ) – «Қытай шекарасындағы орыс анклавтарының қалыптасу себептері және ерекшеліктері олардың этномәдени бірегейлігін сақтауы (Трехречье және Шыңжаң орыстары мысалында)», Вадим Сергеевич Акуленко (Chung-Ang University, Корея) – «Оңтүстік Кореядағы «корёин маыль» орыс тілді кәрістердің этномәдени анклавтарының феномені» және Герман Николаевич Ким (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан) «Кориатаундар феномені – 19-шы ғасырдың аяғы мен 20-шы ғасырдың басында Ресейдің Қиыр Шығысында қоныстану және байланыс аймақтарының феномені» тақырыбымен дөңгелек үстел бағдарламасын аяқтады.

Әр баяндамаға Еркін Ұланұлы Байдаров (Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты) баяндаманың мәнін ашып, мазмұнның өзектілігін айта отырып, қазақстандық күн тәртібімен салыстыру жүргізді.

Іс-шара қонақтарының арасында М.Б. Сыздықова (Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Қазақстан), Майа Арташесовна Аствацатурова (Пятигорск мемлекеттік университеті, РФ), Марианна Владимировна Смирнова-Сеславинская (Болгария), Леонид Алексеевич Петров (University of Virginia, Аустралия), Ботагөз Ислямқызы Ракишева («Қоғамдық пікір» зерттеу институты, Астана, Қазақстан), Ирина Игоревна Корнеева (Ломоносов атындағы ММУ, РФ), Ким Ен Ун («Экономика жоғары мектебі» ұлттық зерттеу университеті, РФ), Назира Абдинасир (Дебрекен Университеті, Венгрия), Miriam Lowensteinová (Чарльз университеті, Чехия) және басқа да адамдар болды.

Толығырақ: http://institute-asian-studies-al-farabi-kaznu.kz/novosti/post/kruglyj-stol-na-temu-etnokulturnye-anklavy-kak-faktor-sohraneniya-kollektivnoj-identichnosti


2024 жылғы 12 ақпан. «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Ракишева Ботагөз Қазақстан Республикасындағы отбасы, гендерлік және демографиялық саясат саласындағы ғылыми ұйымдар консорциумының бірінші отырысына қатысты. Бірлестік Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қамқорлығымен жұмыс істейді. Консорциумға 12 зерттеу ұйымы, оның ішінде «Қоғамдық пікір зерттеу институты кіреді.

Толығырақ:

https://www.gov.kz/memleket/entities/fam/press/news/details/704144?lang=ru


2024 жылғы 24 қаңтарында Институт кеңсесінде Хаджеттепе университетінің доценті, PhD докторы Анар Сомунжуоглумен сарапшылық кездесу өтті. Сарапшы «Түркияның Еуразиядағы сыртқы саясаты» тақырыбында баяндама жасады. Кездесуге Институттың ғылыми қызметкері Қаламқас Есімова модераторлық етті. Сараптамалық кездесу гибридтік форматта (офлайн/онлайн) өтті.


2024 жылғы 13 қаңтардан 2 наурызға дейін директордың орынбасары Ашкенова Гулден Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен іске асырылатын және мемлекеттік басқару, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, БАҚ және азаматтық сектор қызметіндегі талдамалық тәсілдердің сапасын арттыруға бағытталған «Талдау мектебі – Школа аналитики» жобасының үшінші ағымына қатысады.

Дәріскерлер мен тренерлер ретінде ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Парламентінің, ҚР ЦДИАӨМ, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ, Назарбаев Университеті, «Экономика жоғары мектебі» ҒЗИ және т.б. ұйымдардың атынан танымал қазақстандық және шетелдік сарапшылар шақырылды. Мектептің үшінші ағымының бағдарламасы Тұрақты даму мақсаттарына арналады.

«Талдау мектебі» жобасын 2021 жылы Парламент Сенаты жанындағы Жас сарапшылар клубы бастамашылық еткен болатын. Бастаманы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қолдады. 2022-2023 жылдары мектептің екі ағымы өткізілді, онда 100-ден астам талдаушы оқытудан өтті.

Дереккөз: https://dknews.kz/ru/politika/311923-shkola-analitiki-60-ekspertov-gotovyatsya-k

«Талдау мектебі» жобасы туралы: https://senate.parlam.kz/ru-RU/news/details/9152